Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Жәнібек Әлімханұлы өзіне берген су жаңа автокөлікті PR-менеджеріне сыйлады (ВИДЕО)

11.12.2023, 07:55

Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақта WBO және IBF нұсқаларында әлем чемпионы

Жәнібек Әлімханұлы өзіне берген су жаңа автокөлікті PR-менеджеріне сыйлады (ВИДЕО)
көрнекі фотосурет

Алматыда өткен Жанқош Тұраровтың жекпе-жегіне қонаққа келген Жәнібек Әлімханұлын жергілікті халық ерекше қошеметпен қарсы алды.  Ал, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекей әлем чемпионына су жаңа электрокар сыйлады.

Автокөлікті Жәнібек өзіне алған жоқ, «Qazaq Style-дың» PR-мен айналысып жүрген маман Берік Сұлтанға мінгізді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі. 

Ал, Жанқош Тұраров кешегі жекпе-жекте жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңіп, IBO чемпиондық белбеуінен қорғады және сарапқа салынған WBA Gold белбеуін жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт