Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Спортшылар қиналып жатыр». WBC президенті Головкиннің жұмысын бағалады

24.10.2024, 12:04

Сулейман кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына қарсы екенін атап өтті

«Спортшылар қиналып жатыр». WBC президенті Головкиннің жұмысын бағалады
sports.kz

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман World Boxing ұйымының арқасында бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалады деп үміт білдірді.

Сулейман кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына қарсы екенін алға тартып, кәсіпқой бокстағы бұрынғы чемпион Геннадий Головкиннің боксты сақтап қалуда атқарып жатқан жұмысын бағалады. Естеріңізде болса, еліміздің ҰОК басшысы Головкин өткен айда World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды. GGG боксты Олимпиадада алып қалуды өзінің басты міндеттерінің бірі деп атады.

«Олимпиадалық және кәсіпқой бокс бөлек-бөлек өмір сүруі керек. Бірінші жағдайда сіз медальға таласасыз, екіншісінде – әлем чемпионы атағы үшін бокстасасыз. Алайда айқас уақыты мен жекпе-жек саны әртүрлі. Ұлы әуесқой боксшыларсыз ұлы кәсіпқой боксшылар болмайды, тарих Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Нино Бенвенути, Паскуаль Перес, Эвандер Холифилд және Оскар де ла Хойя секілді ұлы әуесқой боксшылардың кәсіпқой бокста ұлы әлем чемпионы атанғанын көрсетті. Сондықтан да ұлы чемпиондардың қолдауына зәруміз. Геннадий Головкинді үлгі тұтатындардың қатарына жатқызуға бола ма? Әрине, оның World Boxing ұйымындағы Олимпиадалық комитет төрағасы атануы біздің, нақтырағы олимпиадалық бокстың үлкен серіктесі екенін аңғартады. Бокс өзінің ұлы тарихын жалғастыруы қажет, әйтпесе әуесқой бокстың бизнестің түріне айналып кетуінен спортшылар қиналып жатыр», - деді ол ESPN-ге берген сұхбатында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам