Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Қош бол, ІВА»: Қырғызстан бокстан World Boxing ұйымына мүшелікке өтті

01.11.2024, 17:03

Бұған дейін Азия бойынша Ирак пен Тайланд елдері қосыған еді

«Қош бол, ІВА»: Қырғызстан бокстан World Boxing ұйымына мүшелікке өтті
iba.sport

Қырғызстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымына мүше болды. Бұл туралы шешім 31 қазанда жарияланды.

Осылайша Қырғызстан Орталық Азия бойынша жаңа ұйымға қосылған алғашқы мемлекет болып отыр. Бұған дейін Азия бойынша Ирак пен Тайланд елдері қосыған еді. Қырғызстанмен қатар бұл ұйымға Андорра, Бельгия, Литва, Мадагаскар да мүшелікке өтті.

Қырғызстан боксшылары биыл Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды. Аталған медаль 57 келіде өнер көрсеткен Мұнарбек Сейітбекұлына тиесілі. Қырғызстан құрамасы ІВА өткізген соңғы әлем чемпионатында қола жүлде иеленген еді.

Айта кететін жайт, жақында Қазақстан бокс федерациясы түрде World Boxing ұйымына мүше болуға өтінім берді. Париж Олимпиадасының алдында еліміздің ҰОК президенті Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясының жаңа ұйымға қосылуы қажет екендігін айтқан болатын. Сондай-ақ, Головкин World Boxing ұйымының олимпиалалық комиссиясына төраға болып бекітілді.

Бүгінде World Boxing ұйымына әлем бойынша мүше федерациялардың саны 51-ге жетіп отыр.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам