Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жек өткізу туралы ортақ шешімге келе алмады

04.11.2024, 00:50

Қос боксшының жекпе-жегі келер жылға қалуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жек өткізу туралы ортақ шешімге келе алмады
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Хамза Шираз менеджерлері ортақ шешімге келе алмады деп жазады vRinge.com. WBO қос тарапқа уақыт беріп, жекпе-жектің күні мен өтетін орнын анықтауды өткен айда тапсырған болатын.

Есте болса, Жәнібек Аустралияда жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичті жеңгеннен кейін WBO оны Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеген еді. Екі тараптың менеджерлері жекпе-жектің өтетін күні мен орнын, гонорардың көлемін 4 қарашаға дейін келісуі тиіс болған. Егер келісе алмаса промоутерлік бәссауда ұйымдастырылып, ақшаны көп ұсынған тарап өз шарттарын қояды.

Алайда, әзірге промоутерлік бәссауданың болмайтыны анықталып отыр. Оның орнына WBO-ның жаңа президенті келіссөздер мерзімін 11 қарашаға дейін тағы да ұзартуды жөн көріпті. Бұған дейінгі мерзім 23 қазан болған. Ол кезде де қос тарап мәмілеге келе алмаған еді.

4 қазанда өткен соңғы жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшыны нокаутпен жеңген болатын. Ал, Хамза Шираз болса 21 қыркүйекте өз жерлесі Тайлер Денниді екінші раундта ұрып құлатты. Қос боксшы да бұған дейін мүлдем жеңіліп көрмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам