Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

Telegram WhatsApp

Бибосынов 29 қазанда Таразда басталатын Қазақстан чемпионатына қатыспайды

ҰОК
ҰОК

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Боксшының омыртқасына зақым келген. 

Аслан Қаженовтің айтуынша, осы жағдайға байланысты Бибосынов 29 қазанда Таразда басталатын Қазақстан чемпионатына қатыспайды.

«Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз»

деп жазды Аслан Қаженов

Сәкен Бибосынов — Қазақстан құрамасының жетекші боксшыларының бірі. Оның әуесқой бокстағы соңғы ірі жетістігі 2025 жылғы желтоқсанда тіркелді. Сол кезде отандасымыз IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңді.

Кәсіпқой бокста да жеңіліс көрмеген Бибосыновтың еншісінде үш жеңіс бар. Ол соңғы жекпе-жегін 28 тамызда Астанада өткізіп, Намибия өкілі, WBO Africa чемпионы Иммануэль Джозефті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан чемпионаты 29 қазанда Таразда басталады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға үміткерлер анықталады.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 845 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 259 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 506 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 571 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 277 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 819 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›