"Қайраттың" чемпиондығына күмән. Мазақ болған "Астана". Өтірік сөйлеген депутат – ҚПЛ-дің соңы

«Соққысы үш тоннаға жуық»: Динара Сәтжан Нұрбек Оралбайдың күшін тексерді

13.11.2024, 13:06

Нұрбек оң қолымен соққы жасап, 2748 келіге жеткізді

«Соққысы үш тоннаға жуық»: Динара Сәтжан Нұрбек Оралбайдың күшін тексерді
Видеодан кадр

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды сұхбатқа шақырып, оның физикалық күшін тексеріп көрді. Бағдарлама аясында тележурналист одан арнайы құрылғы арқылы соққысының күшін тексерген.

Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада Нұрбек оң қолымен соққы жасап, 2748 келіге жеткізді. Ал оның сыңары Айбек Оралбай да соққы жасау кезінде тура сол көрсеткішті қайталады. Дегенмен, Нұрбек екінші мүмкіндігінде өз көрсеткішісін тағы 19 келіге арттырды.

Бұған қатысты желі қолданушылар түрлі пікір білдіріп, егіз боксшылардың мүмкіндігіне таңдай қақты.

«Не деген соққы! Ұрғанын құлатады», «Егіздердің соққы күші де бірдей», «Екеуі де мықты», «Нұрбектің салмағы аз болса да соққысы», деген сыңайда пікір жазып қалдырды.

Естеріңізде болса, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында 80 келіде күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді. Айта кететін жайт, оның жүлдесі ұлттық құрама боксшылары иеленген жалғыз медаль болып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам