ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Тараздық көп балалы боксшы ана ұлттық құрамада жұдырықтасатын болды

15.11.2024, 10:12

Ол бұған дейін Қазақстан чемпионы болған

Тараздық көп балалы боксшы ана ұлттық құрамада жұдырықтасатын болды
instagram.com/aigerimaskarova91/

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин құрамаға іріктелетін боксшылар қандай талап қойылатыны туралы айтты. «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында белгілі маман көп бала ана атанған 48 келідегі Айгерім Сәттібаеваның жеңісіне баға берді.

Бүгінде бес баланы тәрбиелеп отырған тараздық Сәттібаева бұған дейін де ұлттық құрамада өнер көрсеткен. Алайда, бала күтіміне байланысты ұзақ уақыт үзіліс алды. Ал, жуырда ол Қарағанды өткен «Мықтылар турниріне» турниріне қатысып, чемпион атанды.

«Айгерім Сәттібаев – 5 баланың анасы. Азия чемпионы Олжас Сәттібаевтың әйелі. Іште қалып қойған арманымен жете алмаған жетістігі үшін шаршы алаңға қайта оралды. Қазір өзінің спорттық бабына кіріп келе жатыр. Соңғы рет «Мықтылар турнирінде» жас боксшылардан бір бас жоғары тұрып, айқын жеңіп шықты. Негізінен біз спортшылардың жасына қарамаймыз. Оның отбасылық жағдайы да біз үшін маңызды емес. Құраманың оқу-жаттығу жиынына кім мықты, кім дайын, сол келеді», - деді Елдос Сайдалин.

Айгерім Сәттібаеваның күйеуі Олжас Сәттібаев та бірнеше дүркін ҚР чемпионы. Сондай-ақ, Азия чемпионы (2015) және қола жүлдегері (2009). Бұдан бөлек, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам