«Шоу керек пе? Дайынмын»: Төрехан Сабырхан Өзбекстан боксшысына жауап берді

Төрехан Сабырхан өзбекстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

ҚБф
ҚБф

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан өзбекстандық кәсіпқой боксшы Шохжахон Эргашевпен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы IBA Nomad лигасының Instagram парақшасында жарияланған жазбада айтылған.

«Шоу керек пе? Мен дайынмын», – деп мәлімдеген Сабырхан.

Бұған дейін Эргашев желтоқсан айының басында Алматыда өтетін IBA Nomad 16 турнирінде шаршы алаңға оралатынын және кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.

Еске салайық, Эргашев соңғы жекпе-жегін 17 қазанда Ташкентте өткізіп, қазақстандық Дастан Бекенді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Ал Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, чехиялық Иржи Хаукені үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам