«Бес баласымен барды»: Шетелдік жанкүйері Сметовтің жарысқа отбасымен келгеніне сүйсінді (ВИДЕО)

Даңқты дзюдошы Абу-Дабидегі турнирде бесінші орын алды

olympic.kz
olympic.kz

Абу-Даби Гранд Слэміне күресуге барған барған Елдос Сметовке қатысты қызық дерек белгілі болды. Танымал дзюдошы аталған жарысқа отбасы мүшелерін түгел алып барған.

Бұл туралы шетелдік дзюдо жанкүйері жариялаған бейнежазбада мәлім болды. Ол балаларды видеоға түсірмес бұрын ата-анасының рұқсатын алған.

«Балалардың барлығы сіздікі ме? Алты балаңыз бар ма?» деп таң қалады видео авторы.

«Мына отырған балалардың барлығы менікі. Бес балам бар», - дейді Сметов әңгіме барысында.

Аталған бейнежазбада жарыс арасында Елдос Сметовтің балаларынан бөлек әйелімен дастархан басында әңгімелесіп отырғаны байқалады. 

Айта кететін жайт, Париж Олимпиадасының чемпионы аталған жарыста бесінші орынға тұрақтады. Ол іріктеу кезеңінде екі белдесуде жеңіске жеткенімен, ширек финалда әзірбайжандық Балабай Агаевқа есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесуктен басым түскенімен, қола жүлде үшін күресте отандасы Талғат Орынбасарға жол берді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам