Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Үш дүркін чемпион боламын»: Хасанбой Дусматовтың алдағы уақытқа жоспары жойқын

21.11.2024, 19:57

Ол кәсіпқой бокста да чемпиондық белбеуге үміткер екенін айтты

«Үш дүркін чемпион боламын»: Хасанбой Дусматовтың алдағы уақытқа жоспары жойқын
olympic.uz

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Olympic.uz порталына берген сұхбатында үшінші Олимпиада алтынын, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы белбеуін жеңіп алуды жоспарлап отырғанын және қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновпен болған жекпе-жегін туралы айтып берді.  

– Сіз Бахадир Жалоловтан капитандық лауазымды қабылдап алдыңыз. Бұл сіздің Лос-Анджелес 2028 Олимпиадасына да дайындалатыныңызды білдіре ме?

– Әлі алда 4 жыл бар. Қазіргі кезде нақты айту қиын. Бірақ келесі Олимпиадаға қатысып, үш дүркін чемпион болуды жоспарлап жүрмін.

– Лос-Анджелестегі жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары басталғанға дейін кәсіпқой бокста чемпиондық белбеу үшін күресуге үлгересіз бе?

– Әрине, ондай жоспар бар. Мен кәсіпқой бокста да чемпиондық белбеуді жеңіп алуды көздеп отырмын. Бұл үшін барлық мүмкіндігім бар. Қазіргі таңда мен өз салмағымда WBA титулына міндетті үміткермін.

– Сізге «профессор» деген лақап ат қалай берілді?

– Жаттықтыратын бапкерлеріміз Тулкин Киличевпен Рахматжон Розиохунов 2022 жылғы Азия чемпионатының финалындағы Қазақстандық Сәкен Бибосыновқа қарсы жекпе-жектен соң солай атап кетті. Мен алғашқы раундта жеңілдім. Сол кезде бұрышта отырған жаттықтырушыларым алаңдай бастады. Сонда мен оларға: «Маған су мен қалпақ беріңіздер, әрі қарай есепті өзім түзетемін», – дедім де, жағдайды өз қолыма алдым. Сол сәттен бері мені «профессор» деп атайды, өйткені кез келген жағдайдан қалай шығу керектігін білемін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам