ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қазақстандық әлем чемпионы кәсіпқой бокс үшін Азия чемпионатынан бас тартты

23.11.2024, 17:38

Ол – Қазақстан құрамасындағы ең жасы үлкен боксшы

Қазақстандық әлем чемпионы кәсіпқой бокс үшін Азия чемпионатынан бас тартты
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов «ІВА чемпиондарының түні»  турнирінің финалында кездесу өткізеді.

Бокс кеші 12 желтоқсан күні Бахрейнде өтеді. Теміртас Жүсіпов аталған ұйымның нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Жүсіпов 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чиангмайда (Таиланд) өтетін Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болған. Дегенмен, ол ІВА турнирінің финалына қатысу үшін құрлықтық біріншіліктен бас тартты.

Азия біріншілігінде оның орнын Санжар Тәшкенбай басады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

Жүсіпов 2021 жылғы әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2019), сонымен қатар Бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы (WSB).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам