Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты

23.11.2024, 18:44

Оның сыңары Айбек отбасын құрып үлгерген

«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты
Inform.kz

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді.

Айта кетейік, Нұрбектің сыңары Айбек үйленіп, отау құрған. Ал, егіздердің кішісі сүйіктісін әлі жолықтырмапты.

«Жүрегім бос. Әлі ұнайтын қызды жолықтырған жоқпын. Айбек үйленген соң біз Олимпиадаға дайындыққа кірістік, себебі басты мақсат – Олимпиадаға қатысу болды. Медаль алу үшін тынымсыз жаттығу жасадық. Қазір қыз іздеп жүрмін, өйткені бұған дейін уақыт болған жоқ», - деді Нұрбек Оралбай.

Париж олимпиадасында 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижняктан жеңілді. 24 жастағы боксшы Қазақстанның ерлер құрамасынан жүлде алған жалғыз боксшы болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам