Ол енді ширек финалда бағын сынайды
Таиландтың Чиангмай қаласында басталған бокстан Азия чемпионатында 67 келіде өнер көрсетіп жатқан Дулат Бекбауов Қытайлық Тайбей боксшысын жеңіп, келесі айналымға өтті.
Жарысты 1/8 финаллан бастаған Дулат Бекбауов Цзя Юнь Чиуаньды еш қиындықсыз тізе бүктірді, есеп 5:0. Үш раундта да төрешілер қазақ боксшысының айқын жеңісін тіркеп отырған. Отандасымыз енді ширек финалда бағын сынайды.
Айта кету керек, Дулат Бекбауов Амманда өткен Азия чемпионатында (2022 ж) күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Ташкенттегі әлем чемпионатында да (2023) екінші орыннан көрінді.