Кездесу 22 ақпанда Эр-Риядта өтеді деп жоспарланған
39 жастағы Артур Бетербиев пен 33 жастағы Дмитрий Бивол екінші жекпе-жек үшін екі есе көп табыс табуы мүмкін.
Бірінші айқас аясында әрбір қатысушының кепілді сыйқасы 10 млн долларды құраған.
"Реванш әлі бекітілген жоқ. Дегенмен бұл жолы кемінде екі есе көп сыйақы болады", — деді Top Rank промоутерлік компаниясының өкілі ТАСС-қа берген сұхбатында.
Бұған дейін екі ресейлік боксшының екінші кездесуі 22 ақпанда Эр-Риядта өтетіні туралы ақпарат пайда болды.
Естеріңізде болса, қазанның ортасында өткен бірінші жекпе-жекте Бетербиев Биволды төрешілердің басым бөлігінің дауысымен жеңген. Осылайша, ол IBF, WBC, WBO белбеулерін қорғап қана қоймай, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.