Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Әлімханұлында мықты қарсылас әлі болған жоқ – Виктор Демьяненко

10.10.2023, 21:48

Бұған америкалық промоутерлер кінәлі дейді маман

Әлімханұлында мықты қарсылас әлі болған жоқ – Виктор Демьяненко
Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та 14 қазанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта неміс Винченцо Гуальтиеримен кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қос боксшы WBO және IBF тұжымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салмақ.

Осы жекпе-жекке қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко Prosports.kz тілшісіне өз пікірін айтты.

«Әлімханұлы бұл кездесуде жеңіске жетуі тиіс. Ұзақ отырып қалды, енді рингке шығып өз білгенін істеуі керек. Жәнібек өзінің фаворит статусына лайықты өнер көрсетіп, қарсыласын зерттеп, толықтай басымдыққа ие болады деп үміттенемін. Америкалық промоутерлер әдетте мықты қарсыластардан қашады, ортаңқол боксшылармен жекпе-жек ұйымдастырып, ақшалай пайдасын тапқанын қанағат тұтады. Сондықтан, Әлімханұлында әлі мықты қарасылас болған жоқ. Бірақ, барі уақытымен келеді. Қазір ол жұмыс істеп жатыр, сол қуантады. Енді рингке жиі шығып тұруы керек, көрермен білуі керек сондай боксшының бар екенін, сонда бәрі ойдағыдай болады», - деді бокс маманы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам