67 келіде өнер көрсетіп жатқан отандасымыз жартылай финалға шықты
Таиландтың Чиангмай қаласында басталған бокстан Азия чемпионатында 67 келіде өнер көрсетіп жатқан Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.
Ол бүгін ширек финалда Мұхаммад Арифф Айманды техникалық нокаутпен жеңді. Енді Дулат жартылай финалда тәжік боксшысы Шухрат Саломотовпен жұдырықтасады.
Бұған дейін Бекбауов Қытайлық Тайбей боксшысы Цзя Юнь Чиуаньды еш қиындықсыз тізе бүктірген еді.
Айта кету керек, Дулат Бекбауов Амманда өткен Азия чемпионатында (2022 жылы) күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Ташкенттегі әлем чемпионатында да (2023 жылы) екінші орыннан көрінді.