Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

Сәкен Бибосыновты Олимпиада алтынынан айырған боксшыны жаңа сынақ күтіп тұр

06.12.2024, 01:58

Қос боксшы Токионың жартылай финалында кездескен

Сәкен Бибосыновты Олимпиада алтынынан айырған боксшыны жаңа сынақ күтіп тұр
скрин YouTube

Промоутер Эдди Хирн өзінің қоластындағы британдық боксшы, Токио Олимпиадасының чемпионы Галал Яфайдың (9-0, 7 КО) жеңісі туралы пікір білдірді.

Яфай осыдан бірнеше күн бұрын отандасы, әлемнің экс-чемпионы Санни Эдвардсты (21-2, 4 КО) жеңген еді. Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Ал, жеңімпаз атанған Яфай бос тұрған WBC чемпиондық белбеуін иеленді.

«Біз Ұлыбританияда әлем чемпионы үшін үлкен жекпе-жек өткізгіміз келеді. Яфай әлі де осында ұзақ болады. Сосын бізде Джесси Родригес есімді тағы бір боксшымыз бар. Бір күні бұл екеуі осы спорт түрінің ең маңызды жекпе-жегінде кездеседі. Яфайдың ендігі басты мақсаты – аса жеңіл салмақта әлем чемпионы титулын жеңіп алу. Бұл жоспары болашақта жүзеге асады деп үміттенемін. Бұл Бирмингемдегі керемет кеш болды. Соңғы 18 айда біз кәсіби тұрғыда өсіп отырдық. Алдағы уақытта да Бирмингемге келіп тұрғымыз келеді. Галал Яфайға туған қаласында әлем чемпионы атағын жеңіп алуға мүмкіндік бергіміз келеді», - деді Хирн.

Яфай – Токиодағы Олимпиада ойындарының чемпионы. 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында ол қазақстандық Сәкен Бибосыновты бірінші раундта нокдаунға жіберген, жекпе-жекте де тиісінше жеңіске жеткен.

Ал финалда ол филиппиндік Карло Пааламаны жеңіп, алтын медаль иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам