Төрешілердің шешімімен жеңіске өзбек боксшысы жетті
Тайландтың Чиангмей қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 51 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов өзбек боксшысынан жеңілдіп қалды.
Ол бүгін ширек финалда 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы Асылбек Джалиловпен кездескен. Төрешілердің шешімімен жеңіске өзбек боксшысы жеңіске жетті.
Бұған дейін Сәкен 1/8 финалда моңғол боксшысынан айласын асырған еді.
Айта кетейік, Бибосынов соңғы жылдары өзбек боксшыларын жеңе алмай жүр. Сәкен бірнеше жыл Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматовпен бокстасып келді. Екеуі төрт рет кездесіп, соның үшеуінде қарсыласы жеңіске жетті. Соңғы рет Париж Олимпиадасында жолдары түйісті.