Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жанқош Тұраров чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін

06.12.2024, 20:19

Ол соңғы рет рингке былтыр қазан айында шыққан

Жанқош Тұраров чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін
instagram.com/zhankoshturarov/

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров бұл атағынан айрылуы мүмкін. Өйткені, ол бір жылдан астам уақыт жекпе-жек өткізбеген.

IBO чемпионы жылына бір рет титулды қорғауы тиіс. Жанқош Тұраров болса соңғы рет шаршы алаңға былтыр қазан айында шықты. Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде ол жапон Акихиро Кондоны төрешілер шешімімен жеңген болатын.

34 жастағы боксшы осы жылдың қыркүйек айында Алматыда Венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен (16-0, 16 КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда, бұл жекпе-жек өтпей қалды.

Айта кетейік, биыл жазда Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталған болатын. Алматы тұрғыны полицияға арызданып, боксшыдан ұзақ уақыт жыныстық зорлық көргенін айтқан. Полиция тергеу бастағанымен, сот әлі болған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам