Барлығы бес қызымыз финалда
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды. Бүгін шаршы алаңға қыздар көтеріледі.
Айта кетейік, ақтық сынға Қазақстан құрамасынан боксшы бес қыз шыққан болатын. Алғашқы жекпе-жек Астана уақытымен 12:00-де басталады.
60 кг
Виктория Графеева – Цян Ли (Қытай)
63 кг
Аида Әбікеева – Лин Ха (Вьетнам)
70 кг
Наталья Богданова – Байсон Маникон (Таиланд)
81 кг
Гүлсая Ержан – Карина Айрапетян (Украина)
+81 кг
Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан.
Ал, ерлер құрамасынан финалға тоғыз боксшымыз шыққаны белгілі. Олар 11 желтоқсанда жарыс жолына шығады.