Жанқош Тұраровқа достары су жаңа BMW X7 автокөлігін сыйлады

21.12.2023, 00:35

Олардың бәрі бір сыныпта бірге оқыған

Жанқош Тұраровқа достары су жаңа BMW X7 автокөлігін сыйлады
instagram.com/zhankoshturarov/

Кәсіпқой бокстан алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымының чемпионы Жанқош Тұраровқа достары су жаңа автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Еске салайық, 10 желтоқсанда Тұраров Алматыда өзінің чемпиондық титулын қорғау үшін жапон боксшысы Акихиро Кондомен жұдырықтасып, 12 раунд нәтижесі бойынша жеңген болатын. Осылайша отандасымыз WBA Gold вакантты титулын қанжығасына байлады.

Осынау жеңіске орай Жанқоштың бала кезден бірге өскен достары оған BMW X7 автокөлігін сыйға тартқан.

«Достарым әрдайым айтатын: сен ЧЕМПИОН БОЛ, ал біз өскенде үлкен бизнесмен боламыз, өзіміз қолдаймыз деп үнемі армандап отыратын едік. Тай құлындай тебісіп, қолдағыны бөле жеп, риясыз, есепсіз дос болып жүрген  бауырларым күтпеген жерден сыйлық жасады. Мына сайгүлікті жеңісіме сыйлап жатыр. Алла разы болсын! Тіл-көзден аман болып, достығымыз екі дүниеде де жалғассын», - деп жазды Жанқош Тұраров өзінің Instagram-парақшасында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?