Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Сылтау айтатындардың қатарынан емеспіз». Айтжанов Сәкен Бибосыновтың не үшін жеңілгенін айтты

19.12.2024, 12:32

Сәкен Азия чемпионатында өзбекстандық Асылбек Джалиловтан жеңілді

«Сылтау айтатындардың қатарынан емеспіз». Айтжанов Сәкен Бибосыновтың не үшін жеңілгенін айтты
ҰОК

Жақында Таиландтың Чиангмей қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 51 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан. Жеке бапкері Мырзағали Айтжанов соның себебін түсіндірді.

«Көбісі біле бермейтін шығар, бірақ біз сылтау айта беретін адамдар қатарынан емеспіз. Ұлттық құраманың бас бапкері, дәрігері де жағдайды түсініп отыр. Өйткені жеңіске жете алмауына бір-екі жағдай себеп болды. Рингке шығар алдында жарақаты болды. Сондықтан біз жоспарлағандай өнер көрсете алмады. Енді қайтадан қатарға қосылып, елдің мерейін асқақтата береді», - деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Бибосынов ширек финалда 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы, өзбекстандық Асылбек Джалиловтан жеңілді. Жалпы отандасымыз соңғы жылдары өзбекстандық боксшылардан айласын асыра алмай жүр. Бірнеше жыл Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматовпен жұдырықтасып, кейінгі кездесулердің барлығында ұтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам