Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бақбергенова жартылай финалда Қытай палуаны Зелу Лимен күш сынасады

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде әйелдер күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр.

Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина өкілі, U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Надия Соколовскамен белдесті. Отандасымыз кездесу барысын бақылауда ұстап, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 9-1.

Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай палуаны Зелу Лимен күш сынасады.

Жартылай финалдар сағат 16:30-да басталады. Жарысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам