Үш төрешінің бәрі жеңісті Усикке берген
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы болған украиналық Александр Усик британдық Тайсон Фьюримен өткен матч-реваншта жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, Фьюри төрешілердің бұл шешімімен келспейтінін айтты.
Еске салайық, биыл мамырда өткен алғашқы кездесуде де украиналық жеңген болатын. Ол кезде де Фьюри төрешілер шешіміне наразылығын білдірген. Бұл жолы да әділетсіздіктің құрбаны болдым деп отыр.
«Мен екі жекпе-жекте де жеңіске жеттім. Бірақ, өкінішке қарай, маған екі жеңіліс жазылды. Мұнымен түк істей алмайтынымды білем, бірақ өлгенімше Усикті жеңгеніме сенімді болып өтем. Болары болды, сол үшін жылайтын мен жоқ», - деді Тайсон Фьюри жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, бұл кездесудің бәсіне WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring чемпиондық белбеулері тігілген болатын.