Ол бүгінгі күнге дейін бірде бір жарыста жеңіліп көрмеген
Қарағандыда өтіп жатқан бокстан ел чемпионатының жартылай финалистері анықталды. Олардың қатарында жастар арасында әлем және Азия чемпионы болған Төрехан Сабырхан (67 кг) да бар.
Ширек финалдық кездесуде түркістандық боксшы жастар арасындағы тағы бір Азия чемпионы Бақтияр Анарбаевпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, Төрехан Сабырхан түрлі жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионатын төрт рет жеңіп алған. Сонымен қатар, биыл Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында чемпион болды және жарыстың ең үздік боксшысы атанды. Ол бүгінгі күнге дейін бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген.
Төреханның туған ағасы – әлем чемпионы Махмұд Сабырхан ел чемпионатына қатысып жатқан жоқ. Ол жуырда ғана Таиландта аяқталған Азия чемпионатында топ жарып, қазір демалуда.
Қазақстан чемпионаты 24 желтоқсанда аяқталады. Оған Таиландқа бармаған боксшылар қатысуда.