Нұралы Әліп – "МЮ-де", Әлібек Қасым – "Хетафеде". Спорттағы фэйк-ақпарат тарату жүйесі

«Ешбір өзбек оны жеңбеген»: өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асланбек Шымбергеновпен жекпе-жегін еске алды

Бүгін, 10:42

Азия ойындарында қос боксшы ширек финалда кездескен болатын

«Ешбір өзбек оны жеңбеген»: өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асланбек Шымбергеновпен жекпе-жегін еске алды
Қазақстан бокс федерациясы

Соңғы бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған Асланбек Шымбергеновтің 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевты жеңгені көп жанкйүйердің әлі есінде. 

Екі раунд бойы есепте жеңіліп тұрған қазақ боксшысы жекпе-жек аяқталуға небәрі 30 секунд қалғанда қарсыласын қатарынан үш рет нокдаунға жіберіп, жеңісті жұлып алған еді. Алайда, араға бір жыл салып дәл сол Муйдинхужаев Париж Олимпиадасында чемпион атанса, Асланбек бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Күні кеше Асадхужа Муйдинхужаев өзбек журналистеріне сұхбат беріп, Асланбек Шымбергеновпен болған жекпе-жегі туралы айтып берді.

«Тулкин аға (бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев – авт.) келіп, «Асланбекті бес жылдан бері Өзбекстаннан ешкім ұтқан жоқ. Сен бұл айқасты ұтып тұрсың, 30 секунд қана қалды» деп айтты. Бұл сөздер маған қатты әсер етті, ешкім айқасқа жеңілемін деп шықпайды ғой. Сондықтан мотивация болды. Бекерден-бекер әлем чемпионы атанбағанымды дәлелдегім келді. Бәрі Алланың  қалауымен болады ғой, сөйте тұра біз себепшіміз, сондықтан әрекет етуіміз керек. Сол үшін бұл жайт маған үлкен тәжірибе, өмірімдегі маңызды оқиға болды», - деді Муйдинхужаев.

Айта кетейік, осы Азия ойындарында Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жапон боксшысынан жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Бұл жекпе-жекте төрешілер бұра тартты деп, Қазақстанның бокс федерациясы шағым түсірген. Алайда, ұйымдастырушылар өз шешімін өзгерткен жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам