Нұралы Әліп – "МЮ-де", Әлібек Қасым – "Хетафеде". Спорттағы фэйк-ақпарат тарату жүйесі

«Орта салмақтың королімін». Жәнібек Әлімханұлы желіде өз-өзін мақтап, жазба қалдырды

23.12.2024, 11:56

Қазақстандық боксшы бала кездегі суретін жариялады

«Орта салмақтың королімін». Жәнібек Әлімханұлы желіде өз-өзін мақтап, жазба қалдырды
әлеуметтік желі

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 10 КО) Х желісіндегі ресми парақшасында қарсыластарына қатысты үндеу жасады.

Қазақстандық боксшы Х желісіндегі ресми парақшасында бала кездегі суретін жариялап, өзін үшінші жақтан сипаттап берді.

«Оған төрт чемпиондық белбеу керек, қазір екеуі бар, енді тағы екеуін алу қажет. Бүгінгі таңда ол орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас, барлығы одан қашады, барлығы одан қорқады. Сіздер оны білесіздер, ол – орта салмақтың королі Жәнібек», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегі 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) өткізіп, 9-раундта нокаутқа түсірді.
Бұған дейін Boxing247.com басылымының журналисі Уилл Аронс WBA тұжырымы бойынша, бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) орта салмаққа көтеріліп, Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгені дұрыс деп жазған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам