Үш салмақта чемпиондар анықталып қойды
24 желтоқсанда Қарағандыда бокстан Қазақстан біріншілігінің финалдық айқастары өтеді.
Сөйте тұра үш салмақта чемпиондар анықталып қойды. Ерлер арасында 67 келінің өкілі Төрехан Сабырхан жекпе-жексіз-ақ жеңімпаз атанып отыр. Оның қарсыласы Санатәлі Төлтаев сырқатына байланысты айқастан бас тартты.
Сонымен қатар +92 келіде ағайынды Нұрлан мен Данияр Сапарбай жұдырықтасуы керек еді, алайда кездесу өтпейді, ал Нұрлан чемпион атанды.
Қыздар арасында 48 келідегі Назым Қызайбайдың қарсыласы финалдық кездесуге шығудан бас тартып, Париж олимпиадасының қола жүлдегері Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.