Ол Хамза Шираз бен Карлос Адаместың кім жеңетіні маңызды емес екенін атап өтті
WBO/IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Boxing News басылымына берген сұхбатында Ұлыбританиялық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) және WBC титулының иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді.
– Шираз саған қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ ол Адамеспен жекпе-жекке шығады. Ол неге Адаместі таңдады деп ойлайсыз?
– Білмеймін, менің ойымша, оған жеңілірек қарсылас табу керек болған сияқты.
– Сеніңше, Хамза Шираз сенен қашып жүр ме?
– Мен әлем чемпионы болған сәттен бастап, бәрі менен қаша бастады. Ол да менен қашып жүр. Алдағы уақытта да барлығы менен қашатынын білемін.
– Хамза Шираз бен Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек туралы не ойлайсың? Кім жеңеді?
– Маған олардың қайсысы жеңетіні маңызды емес. Екеуі де менің қарсыласым. Кім жеңсе де, мен сонымен жұдырықтасамын.
Еске салсақ, Карлос Адамес пен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жек 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Болжам бойынша, жекпе-жектің жеңімпазы кейін «Қазақ стиліне» қарсылас атанады.