Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева 5 млн теңгемен марапатталды

27.12.2024, 21:59

Бокс федерациясы боксшылар мен олардың бапкерлеріне қаржылай сыйақы берді

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева 5 млн теңгемен марапатталды
ҚБФ

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясы бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының және жастар арасындағы әлем чемпионатының үздіктерін марапаттады.

Жүлделі орындардан көрінген боксшылар мен олардың бапкерлеріне қаржылай сыйақы табысталды. Халықаралық аламанда атой салған боксшыларға 3,5 млн, ал олардың бапкерлеріне 1,5 млн теңге табысталса, бұдан бөлек жүлделі орын алған былғары қолғап шеберлері 2 млн теңгемен, олардың бапкерлері 1 млн теңгемен марапатталды.

Солардың ішінде Азия чемпионатының қола жүлдегері, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға ерекше құрмет көрсетілді. Жамбылдық спортшыға 5 млн теңгенің сертификаты берілді.

Естеріңізде болса, Таиландта өткен сары құрлық біріншілігінде Әйгерім 48 келіде барын салып, үздік үштікке енді. Қарсыласынан 13 жас үлкен болғанына қарамастан, бабында екенін аңғартты. Әйтпесе ол ұзақ үзілістен соң құрама сапына жақында ғана оралған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам