Ағылшын боксшысы барлығы 37 жекпе-жек өткізіп, оның 34-інде жеңіске жеткен
Украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жектен кейін әлемнің экс-чемпионы Карл Фрэмптон пікір білдірді.
Ирландиялық бокс ардагері Тайсон Фьюридің өнер көрсетуі соншалықты жоғары болмағанын айтып отыр. ТalkSPORT Boxing-ке берген сұхбатында ол «Сыған королінің» жекпе-жектегі әрекеттерін ебедейсіз деп сипаттап, артық салмағын сынға алды.
Фрэмптон Фьюридің ауыр салмағы оның шаршауына және жеңіліске ұшырауына негізгі себеп болған деп санайды.
Айта кететін жайт, Усиктен екінші рет жеңілу Тайсон Фьюридің кәсіби мансабындағы алғашқы келеңсіз оқиға ретінде тіркелді. Қазіргі таңда 36 жастағы ағылшын боксшысы барлығы 37 жекпе-жек өткізіп, оның 34-інде жеңіске жеткен. Оның екеуінде Усиктен ұтылса, бір айқаста тең түскен.
Сонымен қатар, британдық боксшы Дэвид Хэй жекпе-жектің қорытындысына наразы екенін атады. Оның сөзінше, Тайсон қолынан келгеннің бәрін жасай алған. Бірақ төрешілер шешімі өте әділетсіз болды дегенді алға тартып отыр.