Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мадияр Ашкеев Алматыда өткен бокс кешін сынға алды

28.12.2024, 16:00

Ол турнирдің ұйымдастырылу деңгейі мен қарсыластардың сапасы сын көтермейтінін айтқан

Мадияр Ашкеев Алматыда өткен бокс кешін сынға алды
Sports.kz

Кеше Алматыда өткен бокс турнирі жанкүйерлер арасында кең талқыланып жатыр. Осыған орай қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Ашкеев өз пікірін ортаға салды.

Мадияр Ашкеевтің сөзінше, турнирдің ұйымдастырылу деңгейі мен қарсыластардың сапасы сын көтермейді. Ол кәсіпқой бокс жанкүйерлер үшін шынайы және тартысты болуы керектігін алға тартты. Алайда бұл жолы көптеген сұрақтар туындап, көптің көкейінде жауапсыз қалған.

«Кәсіпқой бокс туралы айтқанда, біз боксшылардың шынайы бәсекелестігін көреміз деп күтеміз. Алайда енді қарсыластар ретінде актерлерді, атап айтқанда, үнді актерлерін шақыра бастадық. Бұған жауапты кім?» – дейді Мадияр Ашкеев.

Ол мұндай жағдайларды матчмейкерлер мен менеджерлердің бақылауы керектігін баса атап өтті.

«Промоутерлер шоу ұйымдастырып, қаржы табуды ғана ойлайды. Ал матчмейкерлер мен менеджерлер қарсыластардың деңгейін қадағалап, жекпе-жектердің сапасын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл жанкүйерлерге деген әділетсіздік», - деді кәсіпқой боксшы.

Бұдан бөлек, Мадияр Ашкеев алдағы уақытта Қазақстанда бокс платформасын дамыту және ақылы трансляциялар ұйымдастыру туралы идеялар айтылса да, осындай сапасыз турнирлер арқылы бұл жоспарларды жүзеге асыру қиын болатынын жеткізді.

«Сіздерге қарсылас таңдаған кезде шындықты айтып, батылдық танытыңыздар. Егер қарсыластың деңгейі төмен болса, "мен онымен жұдырықтаспаймын, себебі оның рекорды сәйкес емес" деп айтыңыздар», – деді боксшыларға үндеу жасаған М.Ашкеев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам