Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шымкент әкімі Махмұд Сабырханға пәтер сыйлады

28.12.2024, 20:37

Боксшының бапкеріне де сый-құрмет көрсетілді

Шымкент әкімі Махмұд Сабырханға пәтер сыйлады
Шымкент қалалық әкімдігі

Жыл аяқталар тұста Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өңірдің үздік спортшылары мен бапкерлерін марапаттады.

Әкім елдің атын асқақтатып жүрген саңлақтарға алғыс айтып, сыйлықтар табыстады. Соның ішінде желтоқсан айының басында Таиландта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырханға Шымкент қаласынан екі бөлмелі пәтердің сертификатын тапсырды. Естеріңізде болса, Махмұд сары құрлық біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, өз өнерімен бокс мамандарын тәнті етті. Оның бапкері Ілияс Оралбеков те шаһар басшысының тарапынан елеусіз қалмады.

«Биыл шымкенттіктер спортта жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Спортты қолдау әрқашан маңызды басымдық болады, өйткені әрбір жетістік-бұл тек Шымкенттің дамуына ғана емес, бүкіл Қазақстанның беделін нығайтуға қосқан үлес», - деп атап өтті Сыздықбеков. 

Жыл басынан бері өңір спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 2 383 медаль жеңіп алды. 

Сонымен қатар, 423 – спортшы ересектер құрамасына, 461 – жастар құрамасына және 400 жасөспірімдер құрамасына кірді. Жалпы, 1 284 спортшы ұлттық құрамада ел намысын қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам