Жекпе-жек кәсіпқой бокс ережелерімен өтеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің бокс ережелері бойынша өтетін кездесуінің уақыты белгілі болды.
Бұл туралы ALL STARS BOXING промоутерлік компаниясы хабарлады.
Атап айтқанда, Қуат 2025 жылдың 28 ақпанында Астанада шаршы алаңға шығады. Бұл кездесу жоспарға сәйкес 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс еді, алайда айқас Хамитовтің жарақатына байланысты кейінгі шегерілді.
«Жылды керемет жаңалықпен аяқтап отырмыз. Қуат Хамитов пен Мариф Пираев 28 ақпанда Астанада бетпе-бет кездеседі» - делінген промоушеннің мәліметінде.
Айта кетейік, Хамитовтің ММА-дегі нәтижесі - 26-8-2, ал кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 1-0.
Осы ретте айта кету керек, ALL STARS BOXING компаниясы 27 желтоқсанда ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші қоғам тарапынан қатаң сынға ұшыраған болатын.