Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

«15 жылда 7 бала»: әлем чемпионы Ердос Жаңабергеновтың отбасына қатысты дерек белгілі болды

03.01.2025, 23:04

Ол бүгінде Маңғыстау облысындағы спорт мектептерінің бірін басқарады

«15 жылда 7 бала»: әлем чемпионы Ердос Жаңабергеновтың отбасына қатысты дерек белгілі болды
Маңғыстау облыстық әкімдігі

Бокстан әлем және Азия чемпионы Ердос Жаңабергенов отау құрған 15 жыл ішінде 7 бала сүйгені туралы айтты. Бұл туралы боксшы жаңа жылды қарсы алу рәсімінен соң мәлімдеген.

Әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы өзінің аяулы жарын да көпшілікке көрсетті. 

Бүгінде Маңғыстау облысында спорт мектептерінің біріне басшылық ететін Ердос Жаңабергенов Қостанай облысына күйеу бала. Ол әуесқой бокстан 81 келіде өнер көрсетіп, 2005 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, сол жылдың тамыз айында Қытайда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды.

Боксшы 2010 жылдан кейін спорттағы мансабын аяқтаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам