Боксшы жарыстарға Батыс Қазақстан облысының атынан қатысып жүрді
Бокстан 71 келіге дейін салмақта ұлттық құрама мүшесі Сабыржан Аққалықов қайтадан туған жері Қарағанды намысын қорғамақ. Бұл туралы Қарағанды облысының бокс федерациясы хабарлады.
Сабыржан 2021 жылы Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған боксшы. Бірақ кейін ересектер арасында қосылғанда Қарағанды облысынан жеткілікті деңгейде қолдау болмады. Боксшы жарыстарға Батыс Қазақстан облысының атынан қатысып жүрді. Қарағандыда өткен соңғы Қазақстан чемпионатында да БҚО-ның намысын қорғады.
Енді міне, Қарағанды облысы бокс федерациясының басшылары келіссөз жүргізіп, талантты боксшыны туған жеріне қайтарған. Алдағы жарыстарда ол өз туған жерінің намысын қорғамақ.