Баходир Жалолов Қамшыбекке келгенде қиналады, өзгелерді сезбейді – Мырзағали Айтжанов

26.12.2023, 09:26

Екі боксшы осы күнге дейін 11 рет кездескен

Баходир Жалолов Қамшыбекке келгенде қиналады, өзгелерді сезбейді – Мырзағали Айтжанов
Vesti.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов QAZAQ RING YouTube-каналына берген сұхбатында Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалоловтың арасындағы байланыс туралы айтты.

Аса ауыр салмақта Қазақстан мен Өзбекстанның намысын қорғайтын қос боксшы Париж олимпиадасында тағы кездесуі мүмкін. Осыған дейін екеуі 11 рет кездесіп, оның сегізінде Жалолов жеңген. Соңғы рет екеуі биыл Азия ойындарының финалында кездескен еді.

– Қамшыбек Жалоловпен ойнағаннан кейін сұрадық, жекпе-жек көңілімнен шықты деп айтты. Жеңбесе де жақсы ойнады. Лицензия алды. Қамшыбек Баходирдың кілтін тапты деп айта аламыз ба?

– Иә, айтуға болады. Қамшыбек те қазір осы ауыр салмақтағы әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Баходирдың өзі де оны сезеді, Қамшыбекті құрметтейді. Көп қарсыласты сезбейді ғой Баходир, осы Қамшыбекпен шыққанда қиналады. Жалпы, бұл екеуі бір-бірінің қыр-сырын әбден біліп алған. Парижге олар да дайындалып жатыр, Қамшыбек те дайындалып жатыр. Кім мықты екенін ринг көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 57
Ұнамайды 5
Күлкілі 7
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?