Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қамшыбек Қоңқабаев бокстағы мансабын аяқтады

19.01.2025, 13:34

Оның орнын Айбек Оралбай басады

Қамшыбек Қоңқабаев бокстағы мансабын аяқтады
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев бокстағы мансабын аяқтады. 

Бұған дейін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов пен Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев та Қамшыбектің рингке оралуы екіталай екенін айтқан болатын. Енді бұл ақпарат расталып отыр.

Естеріңізде болса, Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында жеңілгелі бері шаршы алаңға оралған жоқ. Қазір оның салмағында (+92 кг) Айбек Оралбай ел намысын қорғап жүр.

Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада жүлдесінен бөлек екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам