Әлімханұлы абсолютті чемпион атануды көздеп отыр

Ол өз әлем чемпионы атағына қатысты талап қойды

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады.

Ол өз салмағында абсолютті әлем чемпионы атағына қатысты талап қойды.

«Маған абсолютті әлем чемпионы атағы керек. Тездетіп соның әрекетін жасайық», - деді Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ Жәнібек Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Сауд Арабиясының Ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхті белгілеп кеткен.

Бұған дейін Әлімханұлының көктемде айқас өткізетіні хабарланған. Боксшының өзі де жекпе-жек уақыты белгілі екендігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы шаршы алаңға соңғы рет 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып, тоғызыншы раундта жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам