Оның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні әлі белгісіз
Ресейдегі «неКАРАтэ» Youtube-каналының авторы Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) қатысты ой бөлісті.
«Қазақ боксшыларынан кім мықты? Қазір Жәнібек Әлімханұлының қарқыны жаман емес. Бірақ соншалықты космос деп те айта алмаймыз. Осы күні Андраде сияқты жекпе-жекке шығатын боксшы таппай жүр. Бір қарасаң чемпион. Төрт жыл бұрын чемпион еді. Бірақ бітірген соншалықты түгі жоқ», - дейді канал авторы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы биыл наурыз айында кәсіпқой рингке оралады деген сыбыс тараған болатын. Алайда, боксшының менеджері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып (Аустралия), жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңді, сол арқылы өзінің чемпиондық атақтарын қорғады.
Айта кетейік, америкалық боксшы Деметриус Андраде (32-1, 19 КО) ұзақ уақыт осы дивизионда WBO белбеуіне иелік еткен.