Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

48 жастағы Владимир Кличко кәсіпқой боксқа қайта оралмақшы

21.01.2025, 23:50

Ол ең жасы үлкен әлем чемпионы атанғысы келеді

48 жастағы Владимир Кличко кәсіпқой боксқа қайта оралмақшы
Getty Images

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсетіп, WBA, IBF, IBO және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған украиналық Владимир Кличко рингке қайта оралуы мүмкін. 48 жастағы спортшының басты мақсаты – даңқты Джордж Форманның рекордын жаңарту.

Бұл туралы белгілі промоутер Том Леффлер ESNEWS YouTube-каналында болған сұхбат кезінде айтты.

«Ол қазір 48-де, наурызда 49 жасқа толады. Форманның рекордың қазір тек Кличко ғана жаңарта алады. Әрине, оның қарсыласы Усик болмайды. Владимир үшін қалай ыңғайлы болатынын алдағы уақытта көреміз», - деді Леффлер.

Айта кетейік, «әлемнің ең қарт чемпионы» атағы Джордж Форманға тиесілі. Ол 1994 жылы 45 жасында аса ауыр салмақта екі бірдей чемпиондық титулға қол жеткізді (WBA және IBF).

Кличко болса соңғы рет рингке 2017 жылы шығып, британдық Энтони Джошуадан техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Ол кәсіпқой бокста барлығы 69 жекпе-жек өткізіп, 64-де жеңіске жеткен (53 нокаут). Бесеуінде жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам