Жәнібек Әлімханұлы Астанада чеммпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін

Top Rank ұйымдастыратын кеш 5 сәуірде өтеді деген болжам бар

Gettysport
Gettysport

Америкалық БАҚ орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуы мүмкін деген күнді атады.

Top Rank ұйымдастыратын кеш 5 сәуірде өтеді деген болжам бар.

Sport+ басылымы Әлімханұлының айқасы Астана қаласында ұйымдастырылады деп топшылап отыр.

Бұған дейін Әлімханұлы өзіне абсолютті чемпион атағы керектігін мәлімдеген еді. Сонымен қатар ол жекпе-жек уақыты белгілі екендігін де айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы шаршы алаңға соңғы рет 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып, тоғызыншы раундта жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам