Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Бақтияр Артаевқа Баркер кубогы қайта табысталды

29.01.2025, 20:48

Артаев бұл кубокқа 21 жыл бұрын қол жеткізген

Бақтияр Артаевқа Баркер кубогы қайта табысталды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа Вел Баркер кубогының көшірмесі табысталды. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде сурет жариялады. 

21 жыл бұрын Олимпиада ойындарында 69 келіде жеңімпаз атанған спортшыға ІВА (сол кездегі атауы АІВА) үздік боксшы ретінде кубокты табыстаған болатын. Артаев 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының басталуына бір ай қалғанда кубокты ұйымға қайтаруы тиіс болған. Бірақ ІВА кубоктың жаңа нұсқасын жасауына байланысты алғашқысы отандасымызда қалған. 

Кейін 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында Артаев кубокты Халықаралық бокс федерациясының өтінішімен музейге табыстап, бұл туралы боксшы бірнеше рет пікір білдірген. 

Кейін қазақ боксшысына кубоктың көшірмесі табысталатыны айтылып, ІВА тарапы өте сапалы болатынын және оның Артаевқа міндетті түрде берілетінін айтқан. 

Еске сала кететін жайт, Олимпиада ойындарында кубок соңғы рет Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовқа берілген. Ал Токио Олимпиадасында ІВА шеттетілгендіктен кубок ешқандай спортшыға табысталған жоқ. Есесіне арнайы кубок әлем чемпионатында үздік боксшыға берілетіні айтылды. Белградтағы әлем чемпионатында Вел Баркер кубогы 63,5 келіде чемпион атанған Куба боксшысына беріліп, оны Артаевтың өзі салтанатты түрде табысталған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам