Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

The Ring Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін уақытты жариялады

30.01.2025, 15:40

Алайда қарсылас әлі анықталған жоқ

The Ring Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін уақытты жариялады
әлеуметтік желі

Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізеді. Бокс кеші «Барыс Аренада» өтеді деген болжам бар.

Астанадағы айқаста Жәнібек өзінің чемпиондық атағын бірінше рет ерікті түрде қорғамақ. Алайда қарсылас әлі анықталған жоқ. Бұл ақпаратты The Ring растады.

«Бұл турнир Top Rank үшін ерекше кештің бөлігі болмақ. Қазақстандағы шоу сол күні Тhe Palms Casino-да (Лас-Вегас, АҚШ) өтетін іс-шараның алдында ESPN-де көрсетіледі», - деп жазады басылым.

Бұған дейін Жәнібектің жеңілмеген британиялықық Шакил Томпсонмен (13-0, 7 КО) айқасатыны туралы ақпарат шыққан, алайда бұл расталған жоқ. The Ring тараптар арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталғанын алға тартты.

Орта салмақта The Ring рейтингінде бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында Қазақстанда екі рет жекпе-жек өткізді, оның екеуі де 2017 жылы ұйымдастырылған. Содан кейін ол АҚШ-та Top Rank аясында 13 жекпе-жек өткізсе, оның соңғы айқасы Аустралияда ұйымдастырылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам