Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 150 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 150 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық боксшы чемпиондық титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңілді

02.02.2025, 10:52

Ол өзінен 13 жас кіші боксшымен жұдырықтасты

Қазақстандық боксшы чемпиондық титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңілді
boxingscene.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО) IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңілді.

Англия астанасы Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз 22 жастағы жергілікті Адам Азиммен (12-0, 9 КО) жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек алғашқы орта салмақ дәрежесінде өтті.

35 жастағы Липинец үшінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Мұнан кейін ол бірнеше рет шабуылдап көргісі келген. Алайда, британдық боксшы сауатты қорғанып, қарымта шабуылдар ұйымдастырды.

Тоғызыншы раундта қазақстандық боксшы жекпе-жекті жалғастыруға шамасы келмеді. Басынан тым көп соққы алғандықтан төреші кездесуді тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша, Сергей Липинец кәсіпқой бокс карьерасында төртінші рет жеңілді, оның екеуі нокаутпен. Ал, Адам Азим болса 13-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 10-ы нокаутпен. Ол мүлдем жеңілмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам