Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Жәнібектің қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес»: британдық маман Әлімханұлын ескертті

06.02.2025, 17:09

Қос боксшы да кәсіпқой рингте мүлдем жеңіліп көрмеген

«Жәнібектің қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес»: британдық маман Әлімханұлын ескертті
Top Rank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін Астанада өткізетіні белгілі. Оның қарсыласы – франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).

Бұған дейін Жәнібектің таңдаған қарсыласы аса танымал еместігін, ТОП дәрежедегі боксшылармен жұыдырықтасып көрмегенін жазған болатынбыз. Десе де, британдық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс Жәнібек Әлімханұылына оңай болмайтынын ескертті.

«Қарсыласты менсінбеуге болмайды. Нгамиссенге – Олимпиадаға қатысқан боксшы. Ол кәсіпқой рингте мүлдем жеңілмеген, өзіндік стилі бар. Оны танитындар Жәнібекке оңай болмайтынын айтып отыр. Мен Нгамиссенгенің Федор Черкашинмен 2023 жылы болған жекпе-жегін көріп шығуға кеңес беремін. Мұнда ол орта салмақтағы ең мықты проспект ретінде қарастырылған», - деп жазды О’Хиггинс X әлеуметтік желісінде.

Аталған жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. 

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға былтыр қазан айында Сиднейде (Аустралия) шығып, тоғызыншы раундта Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам