Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Баходир Жалолов әйгілі Александр Усикті жекпе-жекке шақырды

07.02.2025, 09:39

Ол сондай-ақ, Энтони Джошуамен де рингте кездескісі келеді

Баходир Жалолов әйгілі Александр Усикті жекпе-жекке шақырды
RingMagazine.com

Өзбек боксының жарық жұлдызы Баходир Жалолов (14-0, 14 КО) аузына шыққан ұшығына байланысты 6 ақпанға жоспарланған жекпе-жегіне шыға алмай қалған болатын. Енді ол аса ауыр салмақта әлем чемпионы – украиналық Александр Ускипен (23-0, 14 КО) жұдырықтасуға ниеттеніп отыр.

Жалолов 6 ақпанда Канаданың Монреаль қаласында франциялық боксшы Давид Спильмонмен (16-1, 11 КО) жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, дәрігерлер өзбек спортшысының аузындағы ұшықты герпес инфекциясы деп, оны рингке шығармай қойды. Енді ол әлем чемпиондарына ауыз салатынын айтып отыр.

«Менің бар мақсатым – әлем чемпиондарымен жұдырықтасу. Егер маған 2-3 ай уақыт берсе мен Уискпен жекпе-жек өткізуге дайын болар едім. Мен өз күшімді Усик, Джошуа секілді боксшылармен салыстырып көргім келеді. Олар да мен секілді Олимпиада чемпиондары ғой, кәсіпқой бокста үлкен жетістіктерге жетті», - деді Жалолов The Ring басылымына.

Айта кетейік, Баходир Жалолов әуесқой бокста Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы. Кәсіпқой бокста да мүлдем жеңілмеген. Десе де, бокс шолушылары оның қарсыластарының бәрі әлсіз болғанын бұған дейін айтқан.

Александр Усик болса алғашқы ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы. Ал, аса ауыр салмақта WBC, WBA, WBO, IBO және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам