Моңғолиядағы қазақ боксшысы Бекнұр Қалиұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

16.02.2025, 11:19

Ол  – Моңғолияның 3 дүркін чемпионы. Азия чемпионатының қола жүлдегері

Моңғолиядағы қазақ боксшысы Бекнұр Қалиұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Фото ашық дереккөзден

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында кәсіпқой бокстан WBA нұсқасы бойынша Орталық Азия чемпиондық белбеуі үшін «Чемпиондар түні, Ulaanbaatar-2025» турнирі өтті. 

Бұл турнирде Моңғолиядағы қазақ боксшысы Бекнұр Қалиұлы кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін қырғыз боксшысына қарсы өткізді. Ол өзінен 18 келі ауыр қарсыласы Токтосун Уулу Бекболсунды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бекнұр Қалиұлы алғаш рет кәсіпқой бокста өнер көрсетіп отыр. 

Бекнұр Қалиұлы – әуесқой бокстан Моңғолияның 3 дүркін чемпионы. Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Бокс кешіне Моңғолиядан бөлек Ресей, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мексика, Филиппин боксшылары бақ сынады

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам