ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстандық боксшының қарсыласы Головкинмен кездесті

28 ақпанда Али Ахмедов пен Мацей Сулецки рингке шығады

Instagram/Steve Marcus
Instagram/Steve Marcus

WBC титулы үшін жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы ҰОК басшысы Геннадий Головкинмен кездесті

Польшалық боксшы Мацей Сулецки (32-3, 12 КО) Али Ахмедовпен (23-1, 17 КО) жекпе-жек өткізу үшін Қазақстанға келді. Ол әлеуметтік желіде бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен бірге түскен суретін жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Али Ахмедов GGG-мен бірге жаттыққан. Ол әуелі Абель Санчес, кейін Джонатон Бэнкс жетекшілігімен дайындалды. Сонымен қатар, Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының атынан өнер көрсетті.

Али Ахмедов пен Мацей Сулецки арасындағы жекпе-жек 28 ақпанда Астанада өтеді. Кездесуде екінші орта салмақтағы WBC Silver титулы сарапқа салынады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам