Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Хасанбой Дусматовтың «қара тізіміндемін» – Сәкен Бибосынов

26.02.2025, 15:42

Қос боксшы өзара төрт рет кездесіп, үшеуінде өзбек боксшысы жеңген еді

Хасанбой Дусматовтың «қара тізіміндемін» – Сәкен Бибосынов
olympic.uz

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматов байырғы қарсыласы – қазақ Сәкен Бибосыновты әлеуметтік желіде «қара тізімге» енгізген. Бұл туралы Сәкеннің өзі журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, Бибосынов Таиландта соңғы Азия чемпионатында аяғын жарақаттап алып, ота жасатқан болатын. Қазір боксшы ем қабылдап жүр. Хасанбой Дусматовпен мүлдем араласпайды екен.

«Хасанбой Дусматовпен жалпы өмірде Whatsapp немесе Instagram арқылы хабарласпаймын, араласпаймын. Тек көрген кезде аман-саулығымыз түзу. Оған ешқандай жамандық ойламаймын. Оның да еш жамандығын көрген емеспін. Тек рингте қарсыласпыз ғой. Дегенмен,  Хасанбой не істеп жүр екен деп Instagram-нан көрейін десем, парақшасы табылмайды. Соған қарағанда, мені «қара тізімге» енгізіп қойған сияқты. Басқа жігіттердің Instagram-ы арқылы кіріп көрсем ашылып тұр», - деп әзілдеді Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов өзара төрт рет жұдырықтасып, үшеуінде өзбек боксшысы жеңіске жеткен. Соңғы рет екеуі Париж Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасып, төрешілер Дусматовтың қолын көтерген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам